«Западный» ҚБ кітапханасында үш тілділікті алға жылжыту мақсатында «Үш тілдің патшалығы» деген тақы
- ostrovfilial1
- 19 янв. 2018 г.
- 1 мин. чтения






Оларға Елбасымыздың жолдауын негізге ала отырып, тілдер жайлы қысқаша мағлұматтар айтылды. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.
Оқушылар үш топқа бөлініп әр топ қойылған сұрақтарға, жұмбақтардың шешуіне үш тілде жауап берді. Тақпақ айтып, сөйлемдерден мәтін құрастырып орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде оқыды. Үш тілділікке жарнама жасап, шығармашылық тапсырманы орындап, әр топ өз топтарына байланысты сол елдің өнерлерін көрсетті. Оқушылар үш тілді де жақсы білетіндерін өз білімдерімен көрсете білді. Бүгінде біздің елде өмірдің барлық салаларын жан-жақты жаңғырту жүріп жатыр, сондықтан әрқайсымыз уақыттың мағынасын терең түсінуіміз керек.
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп, халық даналығында айтылғандай, осы іс - шарамызда үш тілдің ерекшелігіне тоқталып, «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» екеніне көзімізді жеткіздік. Үш тілді білу – заман талабы, әйтсе де қанша тіл білсек те өз тілімізді ұмытпайық.