top of page

Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге

«Западный» кітапхана-филиалында Наурыз мерекесіне орай «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларымен «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» атты салт-дәстүр сағаты өткізілді.

Кітапханашы мерекенің тарихына тоқталып, қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау, ата-баба мұрасын қастерлеу, кейінгі ұрпаққа жеткізу туралы айтты. Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, «Қырқынан шығару», «Бесік той», «Тұсау кесер», «Сырға салу», «Бет ашар», «Қыз ұзату», «Құда түсу», «Бесікке салу», «Селт еткізер» ырымдары көрсетілді.

Іс-шара «Асық ойыны», «Сақина шық», «Қол күрес» ұлттық ойындарымен жалғасып, балалар өз өнерлерін көрсетті, сайысқа қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Соңында қатысушылар ата-баба дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұмытпау керектігі туралы ақсақалдардан қоштасу сөздерін алды.


Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге

В библиотеке-филиале «Западный» в честь праздника Наурыз с учащимися специализированной школы-лицея-интернат информационных технологий «Озат» проведен час традиций и обычаев «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге».

Библиотекарь рассказала об истории возникновения праздника, о сохранении традиций казахского народа, о почитании наследия наших предков, переданного следующим поколениям. Ребятам рассказали о традициях и обычаях казахского народа: «Қырқынан шығару», «Бесік той», «Тұсау кесер», «Сырға салу», «Бет ашар», «Қыз ұзату», «Құда түсу», показаны обряды «Бесікке салу», «Селт еткізер».

Мероприятие продолжилось национальными играми «Асық ойыны», «Сақина шық», «Қол күрес», в которых дети демонстрировали свои навыки, соревновались, отвечали на вопросы викторины.

В завершении все участники мероприятия получили напутствие от старейшин о том, что нельзя забывать традиции и обычаи предков.



Избранные посты
На этом языке пока нет опубликованных постов
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page