Игі істер бастауы.Добрых дел начало
- ostrovfilial1
- 2 мар. 2018 г.
- 1 мин. чтения
Студенттермен жиналған қонақтар аталмыш іс-шара барысында Елбасы жарлығымен жарияланған 1 наурыз - Алғыс айту күні жайлы ақпарат алды. Осы күні алғыс кімге, не үшін айтылатыны жайында толық түсінік берілді. Студенттерге басқа ұлт өкілдерінің жер аударылып, қуғын – сүргінге ұшырағаны жайлы, сол қиын қыстау кезінде қазақ халқы өзге ұлт өкілдеріне, ұлтына, дініне қарамастан қарсы алып, бір үзім нанын бөліп жегені туралы айтылды. Сол депортациялау мен Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында адамдар Қазақстан жері олардың өздерінің кішігірім Отаны болғаны жайында мағлұматқа ерекше көңіл аударды. Балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, ата-анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім-тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез-келген жақсылық пен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салды. Ата – аналарына, бауырларына, достарына, ұстаздарына өз алғыстарын өлең жолдарымен білдірді.
Іс – шара соңында студенттер оқытушыларына, кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты. Елбасының ел игілігі үшін жасалған елеулі бастамасы жастарды тәрбиелеу ісіне зор үлес қосып отырағаны айдан анық. Аталмыш бастаманың жалғасы ретінде болашақта да осындай іс - шаралар кең өріс алады деген үміттеміз.









