top of page
Поиск

Тілім менің - қасиетім, ардағым

  • ostrovfilial1
  • 24 сент. 2018 г.
  • 1 мин. чтения

«Западный» кітапханасында №17 мектеп оқушыларымен тілдер күніне орай іс – шара өткізілді. Оқушыларға туған тілімізді, өз ана тілімізді құрметтеп, қастерлеп, тілімізге жанашырлық танытып жүру жайлы жақсы мағлұматтар айтылды. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқанындай, Тіл мерекесі үлкен бірлік пен берекенің мейрамы. Балалар ана тілін, туған тілін кім қалай ардақтайды, сол туралы өз ойларыңды ортаға салып, тіл туралы тақпақтарын, мақал – мәтелдерін айтып, әндер орындады. Тіл туралы слайд және бейнебаян көрсетілді.

«Тіл – ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. О, адамдар, қадіріне жетіңдер! Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер! Туған тілін танымаған көрсоқыр, Болып өтер ертең мәңгі өкінер.


 
 
 
Избранные посты
На этом языке пока нет опубликованных постов
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page