«Кітап, ол қандай?»
- ostrovfilial1
- 11 апр. 2019 г.
- 1 мин. чтения
Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап біздің рухани азығымыз. Одан көп нәрсе үйренеміз. Білім көзі кітап болса, оны жасау үшін адам көп тер төгеді. Кітапты қадірлей, сүйе білуіміз керек. Ұлы адамдар да бәрін кітаптан үйренген. Кітап біздің досымыз, ұстазымыз. «Кітап - алтын сандық, іші толған қазына, құт»- деп бекер айтылмаған.
«Западный» кітапхана – филиалында осы тақырып төңірегінде № 17 мектептің оқушыларымен кітапханалық сабақ өткізілді. Оқушылар кітаптың шығу тарихымен, ережелерімен таныстырылды. Балалар кітап туралы өз ой - толғауларын, ақын – жазушыларымыздың қанатты сөздердін, мақал - мәтелдерді айтып, берілген тапсырмаларды орындап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Өздері оқыған қызықты кітаптардың кейіпкерлері жайлы жақсы әсерлерімен бөлісті. Осы сабағымыз арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарына риза болдық.
«Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алтынымызды ұмытпайық.


