top of page

«Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту» кітап - көрсетілімі

  • ostrovfilial1
  • 27 сент. 2019 г.
  • 1 мин. чтения

"Западный" филиалы кітапханасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қаланың дарынды жастарымен танысу өтті. Өткізудің негізгі мақсаты талантты жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін лайықты және тиісті жағдайларды қалыптастыру. Биылғы жылы біздің жастарға ерекше көңіл бөлінді. Шақырылған қонағымыз Л. Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының «Ақ қауырсын» клубының жетекшісі жас ақын Айтжан Құрымғалиұлы өзінің туындыларын көрсетіп, «Аялдама», «Сен менікісің», шығармаларын оқып, талантты жастарды өз клубының мүшесі болуға шақырды. Кітапханашы осы бағдарлама туралы жалпы мағлұмат беріп, бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру - баршамыздың міндетіміз, - деп айтып өтті. Қазақстанның жарқын болашағы бар, ол – біздің жастарымыздың қолында!» – деп өз ойын үндеу ретінде білдірді. Оқушылар жас ақынымызға өз таланттары жайлы ой - пікірлерін айтып, сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.


 
 
 

Comments


Избранные посты
На этом языке пока нет опубликованных постов
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page