top of page
Поиск

Бәріміз бірге оқимыз

  • ostrovfilial1
  • 4 мая 2022 г.
  • 1 мин. чтения

«Западный» кітапхана-филиалында жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті ғалым, ағартушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының жарқын өкілі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Бәріміз бірге оқимыз» атты тақырыптық сөре құрылды. Оқырмандар назарына біртуар тұлғаның өмірбаяны, ғылыми еңбектері, саяси қызметі туралы ақпаратты қамтитын әдебиеттер ұсынылды. Тақырыптық сөренің әрбір бөлімі әдебиеттану, тіл білімі, педагогика, түркітану, Абайтану салаларын дамытуға, аударма ісін ілгерлетуге елеулі үлес қосқан А. Байтұрсынұлының еңбектерімен таныстырады. А. Байтұрсынұлы – кемеңгер қаламгер, өлең, ертегі, эссе жанрларында жазылған шығармалардың авторы. Барша азаматтарды тақырыптық сөренің материалдарымен танысуға шақырамыз. Кітапхана қорында «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы», «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары», «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері», «Ахметтану» бағыттары бойынша басылымдар бар.


Читаем все вместе

В рамках ежегодной республиканской акции «Одна страна – одна книга» в библиотеке-филиале «Западный» подготовлена тематическая полка «Читаем все вместе», посвященная 150-летиюАхмета Байтурсынулы, выдающегося ученого, просветителя, поэта и переводчика, общественно-политического деятеля, яркого представителя движения «Алаш». На тематической полке представлена литература, через которую читатели могут узнать о фактах его биографии, научных трудах и политической деятельности. Каждый раздел последовательно знакомит с работами А. Байтурсынулы, который оставил заметный след в литературоведении, языкознании, педагогике, тюркологии, абаеведении, переводческом деле. Его перу принадлежат произведения, написанные в жанрах стихотворения, басни, эссе. Приглашаем ознакомиться с материалами тематической полки. Фонд библиотеки располагает необходимыми изданиями для изучения творчества А. Байтурсынулы по направлениям: «Научное наследие Ахмета Байтурсынулы», «Литературные произведения Ахмета Байтурсынулы», «Крылатые слова Ахмета Байтурсынулы», «Байтурсыноведение в современной науке».


 
 
 

Comentários


Избранные посты
На этом языке пока нет опубликованных постов
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page