Кітаппен жаңа әлемді ашамыз
- ostrovfilial1
- 4 мая 2022 г.
- 1 мин. чтения
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында «Западный» кітапхана-филиалында «Кітаппен жаңа әлемді ашамыз» атты ашық есік күні өтті. Жиналған қауым балаларға арналған жаңа көркем басылымдардан құралған кітап көрмелерімен танысты, бүлдіршіндер танымдық ойындарға қатысып, жұмбақтар шешті. Жас оқырмандарды кітап қорының молдығы таң қалдырды. Кітапханашы қонақтарға кітаптарға ұқыпты қарау қажеттігін жеткізді. Қатысушылар «Менің сүйікті кітабым» Фото-арт акциясы аясында кітап сөрелерінің жанында сүйікті кітаптарымен суретке түсті. Акция нәтижесі бойынша кітапхана сайтында «Сүйікті кітабыммен түскен портретім» атты виртуалды фотоальбом жарияланатын болады.
Книгой открываем новый мир
В предверии Всемирного дня книги и авторского права, вбиблиотеке-филиале «Западный» проведен день открытых дверей«Книгой открываем новый мир». В течение дня все желающие знакомились с книжными выставками новых художественных изданий для детей, дети играли в занимательные игры, отгадывали загадки.Богатство книжного фонда приятно удивило ребят. Библиотекарь напомнила о необходимости бережного отношения к книгам. Желающие могли принять участие в Фото-Арт акции «Мой портрет с любимой книгой». Участникам предлагалось выбрать свою любимую книгу и сфотографироваться с ней на фоне книжных полок. По итогам акции на сайте библиотеки будет опубликован виртуальный фотоальбом «Мой портрет с любимой книгой».

Comentarios