Саз өнерінің саңлағы
- ostrovfilial1
- 27 янв. 2023 г.
- 1 мин. чтения
«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 17 орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары үшін композитор, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдық мерейтойына арналған «Саз өнерінің санлағы» атты ақпараттық-музыкалық сағат өткізді.
Кітапханашы қатысушыларды мәдени мұраны насихаттайтын, азаматтардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын әншінің шығармашылығымен таныстырды. Бүгінгі таңда Қ. Деріпсалдиннің 150-ден астам әні, 4-5 күйі кеңінен танымал.
Іс-шара аясында «Дәмдес болайық» бағдарламасынан үзінді және Астана қаласында өткен шығармашылық кеш (бейнематериал) көрсетілді, Қалибек Деріпсалдиннің Серікбай Оспановтың өлеңіне жазылған «Айлы түнде» әні шырқалды. Іс-шара қатысушысы Махмұтов Нұрдәулет «Кербез сұлу» күйін орындады.
Іс-шара соңына қарай «Тобыл-Торғай әуендері» тақырыптық сөресіне шолу жасалып, Қ. Деріпсалдиннің «Айлы түнде», «Тобол-Торгай әуендері», О. Жақсановтың «Қазақтың өнер жұлдыздары» жинақтары таныстырылды.
Яркая звезда музыкального искусства
Сотрудники библиотеки-филиала «Западный» для учащихся 7 «Ә» класса средней школы №17 провели информационно-музыкальный час «Саз өнерінің саңлағы», посвященный 70-летию композитора, певца, заслуженного работника культуры РК Калибека Дерипсалдина.
Библиотекарь познакомила ребят с биографией певца и его творчеством, которое имеет большое воспитательное значение для молодежи. На сегодняшний день насчитывается более 150 песен, 4-5 кюев К. Дерипсалдина, который придерживается активной жизненной позиции, имеет заслуги в пропаганде культурного наследия, воспитании чувства патриотизма. Были показаны отрывки из программы «Дәмдес болайық» и отрывки творческого вечера в г. Астана. Прозвучала песня Калибека Дерипсалдина «Айлы түнде» на стихи Серикбая Оспанова. Участник мероприятия Махмутов Нурдаулет исполнил кюй «Кербез сулу».
В завершении мероприятия был проведен обзор тематической полки «Тобол-Торгай әуендері», представлены сборники К. Дерипсалдина «Айлы түнде», «Тобол-Торгай әуендері», О. Жаксанова «Қазақтың өнер жұлдыздары».

Comments