Қазақ даласының бұлбұлы
- ostrovfilial1
- 4 мая 2022 г.
- 2 мин. чтения
«Западный» кітапхана-филиалында танымал қазақстандық әнші, қазақ опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО Халық әртісі Күләш Байсейітованың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ даласының бұлбұлы» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына кітапхана қорындағы «Күләш Байсейітова», Н. Нагулинаның «Наша Куляш», С. Латиеваның «Бұлбұл», На всю жизнь» К. Байсейтова, «Исторические деятели казахского народа» кітаптары және т.б. материалдар ұсынылды. Н. Нагулинаның «Наша Куляш» монографиялық очеркі күміс көмей әншінің шығармашылығы туралы сыр шертеді, автор бұл еңбегінде композиторлардың, опера әншілерінің, актер-әртістердің және вокалдан сабақ беретін педагогтардың пікірлерін келтірген. Сара Латиеваның «Бұлбұл» кітабы әншінің өмірі мен шығармашылығы, ұлттық операның дамуына қосқан үлесі туралы ақпаратты қамтиды. Күләш Байсейітова ерекше дарыны мен қайталанбас дауысының арқасында «Қазақ халқының бұлбұлы» деген атаққа ие болғандығы жеткізілген. «Күләш Байсейітова» жинағына әншінің мақалалары және сұхбаттар енген. Қанабек Байсейітовтің «На всю жизнь» кітабынан оқырмандар танымал тұлғалардың – әнші Күләш Байсейітованың, композитор Мұқап Төлебаевтың, әнші әрі режиссер Құрманбек Жандарбековтің, жазушы Ғабит Мүсіреповтің, режиссер Жұмат Шаниннің, әнші Елубай Өмірзақовтың, биші Шара Жиенқұлованың өмірбаянымен таныса алады. Бұл кітап – өнердің шыңына жеткен әртістер, әншілер, композиторлар туралы әңгімелерден құралған – өнер тарихының айнасы. Құрметті оқырмандар, Cіздерді тақырыптық сөренің материалдарымен танысуға шақырамыз!
Соловей казахской степи
В библиотеке-филиале «Западный» оформлена тематическая полка «Соловей казахской степи», к 110-летию со дня рождения известной казахстанской певицы, одной из основоположниц казахского оперного искусства, общественного деятеля, народной артистки СССР Куляш Байсеитовой. Вниманию читателей из фонда библиотеки представлены книги: «Күляш Байсейітова», «Наша Куляш» Нагулиной Н., «Бұлбұл» С. Латиевой, «На всю жизнь» К. Байсейтова, «Исторические деятели казахского народа» и др. материалы. Монографический очерк Нагулиной Н. «Наша Куляш» рассказывает о её творчестве, автор использует высказывания композиторов, оперных певцов, драматических актеров и педагогов-вокалистов. Из книги Сары Латиевой «Бұлбұл» вы узнаете о жизни и творчестве певицы, о вкладе в развитие национальной оперы. Благодаря своему таланту и неповторимому голосу, ее называли «соловьем» казахского народа. В сборник «Күляш Байсейітова» вошли статьи певицы и её интервью, опубликованные ещё при жизни. Из книги Канабека Байсейтова «На всю жизнь» читатели познакомятся с интересными страницами биографии прославленной певицы Куляш Байсеитовой, композитора Мукапа Тулебаева, певца и режиссера Курманбека Джандарбекова, писателя Габита Мусрепова, режиссера Жумата Шанина, певца Елубая Умурзакова, танцовщицы Шары и других. Это своеобразные искусствоведческие портреты и рассказы о людях из народа, которые достигли вершин искусства, стали профессиональными актерами, певцами, композиторами. Уважаемые читатели, приглашаем вас посетить библиотеку и ознакомиться с материалами тематической полки.

Comments