Ұлттың ұлы ұстазы
- ostrovfilial1
- 4 мая 2022 г.
- 2 мин. чтения
Жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті ғалым, ағартушы, ақын-аудармашы, қоғам және саяси қайраткер, «Алаш» қозғалысының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) 2022 жылдың авторы болып жарияланды». «Западный» кітапхана-филиалында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге А. Байтұрсынұлының 5 томдық шығармалар жинағы, «Тіл тағылымы», «Маса», «Айқап», «Тілтаным мұрасы», «Алаш мұрасы», «Алаш Арыстары», «Алашорда» және А. Байтұрсынұлы туралы басқа да ғалымдардың, жазушылардың еңбектері қойылған. Бес томдық шығармалар жинағының 1-томына «Қырық мысал», «Маса» атты өлеңдер және «Қазақтың бас ақыны» «Әдебиет тұлғышкер» тақырыптарына арналған ғылыми зерттеулер енген. Ахмет Байтұрсынұлының «Тілтаным мұрасы» еңбегінде қазақ тілін меңгертуге арналған мақалалар, мұрағаттардан табылған құжаттар, рецензиялар жарияланған. Дихан Қамзабекұлының «Әдебиет танытқыш» – әлемдік құндылық» мақаласында А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» кітабының жарыққа шығу тарихы, автордың алға қойған мақсат-міндеттері, кітаптың Ташкентте жариялануының себептері келтірілген. Жұмат Әнесұлының «Жүз жылға созылған қуғын» мақаласында ұлт ұстазының және оның жанұясының қиын қыстауда өткен тағдыры баяндалған. Баршаңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!
Великий учитель нации
В рамках ежегодной республиканской акции «Одна страна – одна книга» автором 2022 года объявлен Ахмет Байтурсынов (1872-1937), выдающийся ученый, просветитель, поэт и переводчик, общественный и политический деятель, яркий представитель движения «Алаш». В библиотеке-филиале Западный оформлена книжная выставка «Великий учитель нации». На выставке представлены 5 томов произведений А. Байтурсынова, «Тіл тағылымы», «Маса», «Айкап», «Тілтаным мұрасы», «Алаш мұрасы», «Алаш Арыстары», «Алашорда» и труды других ученых, писателей об А. Байтурсынулы. В 1 том пятитомного собрания сочинений вошли книги стихов «Қырық мысал», «Маса» и научные исследования «казахский главный поэт», «Әдебиет тұлғышкер». В трудах Ахмета Байтурсынова «Тілтаным мұрасы» опубликованы статьи по казахскому языку, документы, найденные в архивах, рецензии. В статье Дихана Қамзабекұлы «Әдебиет танытқыш» – әлемдік құндылық» раскрывается история создания и выхода в свет книги А. Байтурсынова «Әдебиет танытқыш». Раскрыты причины опубликования книги в Ташкенте, какую цель достиг автор при ее издании. В статье Жұмата Әнесұлы «Жүз жылға созылған қуғын» рассказывается о судьбе учителя нации Ахмета Байтурсынова и его родственников в годы лишений. Приглашаем ознакомиться с материалами выставки.

Comments